389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

  • 784
  • UPD: 09:34, 07.03.2018

Баспанамен қамту – еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі.

Атырау облысында да бұл мәселе өзекті. Өйткені пәтерге мұқтаж жандардың саны бүгінгі күнге 28 мыңға жуықтайды. Тағы 107 мың тұрғын жер телімі кезегінде тұр. Қазір облыс аумағында 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.  

Нұрлан Ноғаев, Атырау облыcының әкімі:

- Облыста бұл істерді атқару жөнінде іс-шаралар жоспары жасақталады. Біз де өз үлесімізді қосамыз. Бес бағыттың барлығын толығымен орындайтын  мүмкіншіліктеріміз жетеді. Бірлік бар, біліктілік жетеді. Ең бастысы, Елбасының бастамаларын қолдауға ниет бар.

Бес әлеуметтік бастамаға енген тағы бір маңызды сала – жоғары білім беру мәселесі. Атырау облысында қазір жоғары және арнайы кәсіби білім беру ұйымдарында оқып жатқан студенттердің бір мыңнан астамы жатақханаға мұқтаж. Мемлекеттік білім беру грантына да сұраныс жоғары. Биыл өңірде қосымша білім беру гранттары бөлінетін болды. 

Дәурен Сейітқалиев, «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының жетекшісі:

- Қазіргі таңда Атырау облысындағы 154 мың жастың 26 мыңы студент болса, қаладағы көптеген оқу-орындарында жатақханалар жетіспейді. Студенттер білім алуға 7 ауданнан ағылып келіп жатыр, олардың қазіргі таңда пәтер жалдап тұруы оқуға ыңғайсыздық туғызады.  

Аймақтағы шағын және орта бизнес саласы да жауапты мекемелердің басты назарында. Биыл «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша облыстан 1 млрд 980 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. Оған қосымша республикалық бюджеттен 589 млн теңге қарастырылған.  

Тамила Розметова, асылтұқымды ешкі фермасының директоры:

- Ауыл шаруашылығы саласы және ауылдағы шағын және орта бизнес өкілдері үшін Елбасының қамқорлығы ерекше. Бұл жолы да үлкен мән беріп отыр. Мемлекет қолдауының арқасында біз жаңа кәсіп көздерін ашып, облыс халқын табиғи таза азық-түлік өнімдерімен қамтып отырмыз.  

Ал бесінші бағыт бойынша Атырау облысында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күнге облыстағы екі қала мен 130 елді мекен 96,8% табиғи газ желісімен қамтылған. Биыл өңірдегі шалғай орналасқан елді мекендер үшін магистральды газ құбыры тартылып жатыр. Келер жылы облысты көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 99,2%-ға жеткізіледі. 

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы