388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО тіл мамандары А.Байтұрсыновтың ерен еңбегін атап өтті

  • 1070
ШҚО тіл мамандары А.Байтұрсыновтың ерен еңбегін атап өтті

Өскеменде «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының тарихы» атаумен ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жиында облыстың тіл мамандары ағартушы лингвистің, қазақ тілі мен жазуын дамытудағы ерен еңбегін атап өтті. Биыл Алаш қайраткерінің туғанына – 145 жыл. Көпшілік төл тілімізді жаңғыртудың тетігі – латын графикасына көшу деген пікірде. Тіл мамандары Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған латын қарпінде барлық ерекшеліктер ескерілгенін, ал бүгінгі қабылданған әліпби заман ағымына сүйене әзірленгенін айтады.

Шынар Сейітова, филология ғылымдарының докторы:

– Қырым татарлары, Анадолы түріктері, өзбектер, түрікмендердің барлығының әдебиетіне, жазуына, тіліне тоқтала келіп, әрқайсысының тіліндегі араласып кеткен варваризмдер өте көп. Соның ішіндегі ең жатық, көркемі – қазақ тілі мен қырғыз тілі.

Хабар 24 телеарнасы