385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасы Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік бағдарлама ұсынады

  • 929
  • UPD: 13:22, 08.03.2018

«Хабар» телеарнасы Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік бағдарламаларын ұсынады.

Наурыздың 7-10 аралығында Нұрлан Өнербаев, Мейрамбек Бесбаев, Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің концерттерін 4 күн қатарынан көре аласыздар. Бұдан бөлек, Қазақстанның алтын дауысы саналатын Роза Рымбаеваның концерті де назарларыңызға ұсынылмақ. 8 наурыз күні «Көктем шуағы» атты жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін мерекелік концертте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нәзікжандарды мейраммен құттықтайды. Ал «Ана мен бала» бағдарламасында «Ана» тақырыбында қалам тербеткен кішкентай ақындардың есімі белгілі болады.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

– Халықаралық әйелдер күніне орай бағдарламаларда мерекелік шығарылым әзірленген болатын. 8 наурыз күні «Ана мен бала» отбасылық ток-шоуының арнайы шығарылымы шығады. «Арнайы хабар» жобасы да мерекеге орай «Әлемнің жарығы» атты санын арнаған болатын, бұл да қоғамдағы аналар мен әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру туралы көрсететін болады.

Хабар 24 телеарнасы