384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ф.Чапке: Логистиканы дамыту Қазақстанға зор мүмкіндік береді

  • 683
  • UPD: 09:08, 08.03.2018

Германияда Қазақстан Президентінің Жолдауын қызу талқылап жатыр.

Прусс қоғамының басшысы Фолькер Чапке «білім саласындағы реформалар мен көлік инфрақұрылымын дамыту – Қазақстан үшін жаңа белестер ашатын маңызды қадам» деп есептейді.

Фолькер Чапке, Германиядағы Прусс қоғамының президенті:

- Маған Жолдаудағы білім саласына қатысты бастамалар ұнады. Германияда бұрыннан бері сапалы білім бағаланып келеді. Университеттер мен академияларымыздың тарихы тереңде жатыр. Қазақстан президентінің адами капиталға ден қоюы өте дұрыс. Білім жақсы сауда қатынастарын орнату үшін де маңызды екенін айтқым келеді. Барлық салаға мамандар қажет. Мысалы елдеріңіз арқылы өтетін Жібек Жолы жобасын жүзеге асыру үшін. Қазақстан мен Қытай Германияның стратегиялық серіктестері және осы ғаламдық жобаны бірлесіп дамытуымыз керек. Логистиканы жетілдіру Қазақстан үшін зор мүмкіндіктер ашады.

Хабар 24 телеарнасы