389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қазақ ұлттық киімдерінің тарихына арналған көрме ашылды

  • 1278
  • UPD: 09:47, 08.03.2018

Павлодардағы Григорий Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде қазақ халқы ұлттық киімдерінің тарихын бейнелейтін көрме ашылды.

«Қазақы киім – көненің көзі» атты шараға этнографиялық экспедициялар барысында жинақталған жәдігерлер мен заманауи стильдегі ұлттық киімдер қойылған. Бұл киімдерді еліміздің Солтүстік өлкесінің қазақтары киген деседі. Көрмеден көшпенділердің ғасырлар бойы өзгеріске ұшыраған киім-кешектерінің пішіні мен тігілу әдістерінің бұрынғы және қазіргі сабақтастығын байқауға болады. Келушілердің назарына ұсынылған киімдердің қатарында өткен ғасырдың 20-30 жылдарына тиесілі жәдігерлер бар. Көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырғандардың қатарында алтын жіппен безендірілген хан шапаны және Павлодар облысының танымал тумаларының киімдері бар. Сонымен қатар белдемше, тон, ішік, кеудеше, кимешек сияқты ұлттық киімдердің көне үлгілері сақталған.

 Гүлжанат Әлиева, Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары:

– Көрерменге ұсынған костюмдер, киімдердің арасында құнды жәдігерлердің арасында өңіріміздің тумасы, ақын Жаяу Мұсаның шапаны. Оны музей қызметкерлеріне этнографиялық экспедиция барысында ұрпақтары тапсырған болатын. Жалпы осы көрме «Рухани жаңғыру», «Рухани қазына» бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы