386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте көше сыпырушы қыз-келіншектер құрметке бөленді

  • 1301
  • UPD: 10:43, 08.03.2018

Шымкентте көшенің тазалығына қарайтын қыз-келіншектер 8 наурыз мерекесіне орай керемет сыйлық алды.

Облыстық жастар орталығының еріктілері ертелеп шығып, көше сыпырып жүрген қыз-келіншектерге гүл сыйлап, ыстық шәй мен тәтті тоқаш ұсынды. Ал өнерлі жастар болса домбыра мен баянның сүйемелдеуінде ән салып, өлең оқып берді. Ертелі-кеш еңбек етіп, қала тұрғындарына тазалық сыйлайтын жандарды ортаға алып, би де биледі. Жастар мұны бізге жасаған жақсылығына қайтарым деп түсіндірді.

Гүлдана Бестаева, жұмысшы:

- Осындай ауыр жұмыста жүрген уақытта гүл сыйлап, құттықтап жатқанына әрине көңіліміз көтеріліп қалды. Өте көтеріліп қалды. Үлкен рақметімді айтамын.

Айбар Камал, ерікті:

- Біздің қаланы тазалап, көңіл-күйімізді көтеріп жатқан аға-әпкелеріміз бар. Соларға алғыс айтып, көшеде концерттік бағдарлама қойып, гүл беріп жатқан жағдайымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы