384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


В.Божко: Мемлекет басшысы жастардың лайықты білім алуына тағы бір тамаша бағыт ұсынып отыр

  • 466
  • UPD: 19:59, 08.03.2018

«Мемлекет басшысының «7-20-25» атты тұрғын үй бағдарламасы – елдің әлеуметтік саясатының айқын көрінісі», – дейді Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко.

Депутат Президенттің бес әлеуметтік бастамасы қарапайым азаматтардың баспаналы болуына жасалған жақсы қадам екенін тілге тиек етті. Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің шаршы метрі рекордтық көрсеткішке жетсе де, қазақстандықтардың көпшілігі баспанаға зәру екенін атап өткен болатын. Сондықтан Үкіметке осы мәселені шешу үшін ипотеканың қарапайым тұрғындарға қолжетімді болуын тапсырған еді.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

- Алғашқы жарнаның екі есе азаюы, несиенің 7 пайыздан аспауы және 25 жылға арналған төлем жүйесі шынында да жеңілдетілген бағдарлама деп айтуға болады. Аталған шағын несиелеу бағдарламасы ауылдарға да келеді деп үміттенемін. Жалпы Мемлекет басшысы халқымыздың бай-қуатты тұруына және жастардың лайықты білім алуына тағы бір тамаша бағыт ұсынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы