386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Наргиза Нуманова: Бүгінгі цифрлық технология дәуірінде қазақ телевизиясы әлемде алдыңғы қатарға көтерілді

  • 570
  • UPD: 20:02, 11.03.2018

Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерекесімен Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпания басшылығы да арнайы құттықтады.

Біздің арна тілшілеріне эксклюзивті сұхбат берген компанияның халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Наргиза Нуманова Орта Азия мемлекеттерінің арасында Қазақстанда озық медиаиндустрия қалыптасқанын айтады. «Бүгінгі цифрлық технология дәуірінде қазақ телевизиясы әлемде алдыңғы қатарға көтерілді», – дейді ол. Қазақ журналистерімен тығыз байланыс орнатып, қоян-қолтық жұмыс істеуге әзір. «Өйткені бүгінгі технология заманында ақпарат алмасу – өзара ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі», – дейді білікті маман. Оңтүстіктегі көршілеріміз ақпарат айдынында бірлескен «Жол картасын» жасайды. Онда алдағы атқарылар тірліктер мен ұлттық ұстанымдар сараланады.

Наргиза Нуманова, Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясы халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі таңда Қазақстанның телевизиясы заманауи технологиялық мүмкіндіктері бар ірі медиаиндустрия болып табылады. Көптеген алдыңғы қатарлы телеарналары кабельдік және спутниктік жүйеде тарайды. Сондай-ақ технологияның соңғы жетістіктеріне негізделген жетекші радиостанциялары да бар. Бүгінгі таңда телевизия және радиохабар тарату саласындағы өзара ынтымақтастық үлкен рөл атқарады. Сондықтан Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясы қазақстандық әріптестерімен арадағы қарым-қатынасты белсенді түрде дамытады. Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпания басшылығы  атынан мүмкіндікті пайдалана отырып қазақстандық әріптестерді Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз. Барлығына зор денсаулық, сәттілік және кәсіби жетістіктер тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы