384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да апатты жағдайдағы мектептер азаяды

  • 638
  • UPD: 20:06, 11.03.2018
ОҚО-да апатты жағдайдағы мектептер азаяды Мунайлы Астана

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа 50 мектеп пайдалануға беріледі.

Сонда өңірдегі ғимараты апатты жағдайдағы 12 мектеп төртеуге азаяды, ал 3 ауысыммен оқытатын 12 мектептен 8-і қалады. 15 білім ұясының құрылысы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатса, бесеуі республикалық бюджет есебінен бой көтереді. Қалғандарының құрылысына қаржы жергілікті қазынадан қарастырылған.

Үш миллионға тарта тұрғыны бар Оңтүстік Қазақстан облысында демографиялық өсім жоғары. Сондықтан жергілікті билік болашаққа есептелген бағдарлама жасаған. Ол саманнан салынған, ыңғайластырылған ғимараттағы мектептердің мәселесін шешеді.

Төребек Олжатай, білім басқармасының бөлім басшысы:

- Осыған байланысты біз 252 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Соны 2027 жылға дейін салсақ, білім саласында балаларға білім беру жағдайы жақсарады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы