384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Г.Жүнісбекова: Білім гранттарының санын арттыру – маңызды бастама

  • 541
  • UPD: 21:15, 11.03.2018
Г.Жүнісбекова: Білім гранттарының санын арттыру – маңызды бастама

Елбасының білім гранттарының санын арттыру бастамасы түлектердің отандық жоғары оқу орындарын таңдауына ықпал етеді.

Сарапшылардың пікірі осындай. Бірақ мамандар студенттерді жұмыспен қамту да маңызды екенін айтып отыр. Ол үшін төртінші өнеркәсіптік революция және цифрландыру аясында жаңа жұмыс орындарын көптеп ашу керек. Сонда осы бағытта білім алған жастар отандық өнеркәсіптерде еңбек етіп, ел дамуына үлес қоса алады. Себебі, олардың білім алуына қажетті жағдай жасалып, жатақханаларға дейін салынады.

Гүлсара Жүнісбекова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры:

- Шалғай аймақтан оқимын деп келген жастар көбіне баспана жалдап тұруға мәжбүр. Егер олар сапалы білім алсын десек, онда қолайлы жағдай жасау керек. Бұл ретте Президенттің студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бастамасы өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы