380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да топан судың қаупі сейілмей тұр

  • 938
  • UPD: 22:40, 12.03.2018

Еліміздің шығысында әлі де қауіп басым.

Толассыз жауған жаңбыр мен өзен суының көтерілуінен Шығыс Қазақстан облысының Күршім мен Топтерек ауылдарын байланыстырып тұрған көпірді су шайып кетті. Салдарынан тұрғындар сыртқа шыға алмай қалды. Қазір жол жабылып, бекет қойылған. Ал Аягөз ауданындағы ахуал оңала бастады.  Үйлерге кірген су сорылып, тұрғындар уақытша мектепке орналастырылған. Облыстағы жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі істер министрлігінің жеке құрамынан мыңға жуық адам мен 280-нен астам техника жұмылдырылды. Арнайы комиссия құрылып, шығын көлемі анықталып жатыр. Соңғы бір тәуліктің ішінде «112» желісіне 3 мыңнан аса тұрғын хабарласқан. Әр өтінішті жергілікті жедел штаб қарастырады. Осылай деген төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі жауын-шашынның әсерінен еліміздің өзге де өңірлерін су басуы мүмкін екенін айтты.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

- Қазгидрометтің  алдын ала ескертуі бойынша ШҚО үшін әлі де қауіп бар. Сондай-ақ аласа таулардан су ағуы әсерінен мүмкін Қарағанды, Қызылорда және Алматы облысында осындай жауын-шашынның әсерінен су тасқыны болып қалуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы