387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да салық жүктемесін азайту үшін нақты тізім жасалып жатыр

  • 609
  • UPD: 15:50, 14.03.2018

Батыс Қазақстан облысында алғашқы санақ нәтижесі бойынша 73 мыңнан аса адам төмен жалақы алады.

Қазір осы санаттағы азаматтардың еңбекақысын көтеріп, салықтық жүктемелерін азайту үшін нақты тізім жасалып жатыр. Бүгін аймақ басшысы Алтай Көлгінов журналистерге брифинг өткізіп,Елбасының әлеуметтік бастамалары аясында қолға алынған шаралармен бөлісті. Соның бірі жатақхана мәселесі. Әкім облыста 2 мыңнан аса білімгер жатақханаға мұқтаж екенін айтып, алдағы 2 жылда 4 студенттер үйі салынатынын жеткізді. Оның екеуінің құрылысы биыл басталады. Бұдан бөлек 22 мың адам баспана кезегінде тұр.

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Егер Отан отбасыдан басталады дейтін болсақ баспана әр отбасыға өте маңызды. Сондықтан Елбасының осы үндеуіне халық ризашылығын білдіріп отыр. Биыл біз 21 көп қабатты үй саламыз. Осы қолжетімді баспана әсіресе аудандарда немес соның ішінде орал қаласында қарқынды дамитын болады.

Сондай-ақ әкім аймақты су басу қаупі барын жасырмады. Әсіресе облыс орталығын су шайып кетуі мүмкін. Себебі биыл аймақта шамадан тыс қар жауған. Қазір қосымша тазалау техникалары жұмылдырып, қарды сыртқа шығару жұмыстары жүріп жатыр. Апаттың алдын алмаса, алдағы мереке күндерінен кейін толасыз жауын жауады деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы