389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО студенттері Қытай зауыттарында тәжірибе жинақтайды

  • 398
  • UPD: 12:03, 16.03.2018
СҚО студенттері Қытай зауыттарында тәжірибе жинақтайды

Петропавлдық студенттер қытайлық инвесторлардың зауыттарында тәжірибе жинақтайды.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Аспан асты елінің компаниясы осындай келісімге келді. Ол бойынша жоғарғы оқу орны тың технологияларға негізделген өндіріске ауыл шаруашылығы, машина жасау, құрылыс салаларының мамандарын дайындайды. Қытайлық инвесторлар облыста қоспа жем, агрохимиялық тыңайтқыш, целлюлоза қағаз өнімдерін шығаратын кешен салуды жоспарлап отыр. Университет студенттері кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтіп қана қоймай, жұмысқа да орналаса алады.

Ербол Исақаев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры:

- Қытайлық инвесторлар Солтүстік Қазақстан облысында 1 жарым мың жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Бұл ретте біз өндіріске қажет мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасын бірлесе жасаймыз. Бұл екі жаққа да тиімді.

Хабар 24 телеарнасы