388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілді

  • 591
  • UPD: 09:34, 17.03.2018

Шығыс Қазақстанда тасқынға тосқын шаралары жалғасып жатыр. Өзен-көлдердегі кептеліс пен сеңнің алдын алу үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Мамандар Шемонаихадағы Уба өзенінің өңір үшін қауіпті екенін ескеріп, осы аумаққа жарылғыштарды көптеп орнатқан. Сондай-ақ облыстағы 80 су басу қаупі бар аумақ әуеден бақыланып келеді. Бұл үшін 6 арнайы отряд жұмылдырылған. Олар төрт күн ішінде қар көлемі мен мұз аумағын түгел тексеріп шықты. Әсіресе Бесқарағай ауданындағы жағдай күрделі. Ертістің бойындағы ауылдарды су алуы ықтимал. Өйткені өзен бетіндегі мұздың қалыңдығы 2 метр. Жергілікті билік қазір жағаның 2 шақырымын бекітіп, 5 мың қап инертті материал дайындап отыр.

Руслан Заденов, Бесқарағай ауданы әкімідігінің бөлім жетекшісі:

- 2016 жылы Бесқарай ауданында жерасты суы көтерілгендіктен Куликов көлі тасыған. Сол кезде 12 үйге су кірген. Былтыр да сондай жағдай болды. Сондықтан су шығатын жерлерге құм мен қиыршық тас төгілді.

Хабар 24 телеарнасы