384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея журналистері қазақ телевизиясының мерейтойымен құттықтады

  • 901
  • UPD: 10:43, 17.03.2018

Кореялық журналистер қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай әріптестеріне құттықтау жолдады.

Уай Ти Эн телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Ким Ё Джин бұдан 4 жыл бұрын «Хабар» Агенттігінде арнайы репортаж дайындаған. Оның айтуынша, Қазақстандық телекомпания үлкен жетістіктерді бағындырып үлгерген. Мұндағы техникалық жабдықталу мен журналистердің шеберліктері шетелдік әріптестерінен кем түспейді. Ким Ё Джин осы салада екі елдің әріптестігі ары қарай да жалғасын табатынына үмітті. Әлемнің әр түкпірінде меншікті тілшілері қызмет ететін, Уай Ти Эн ((YTN)) корпорациясы Корея Республикасындағы алпауыт медиа-холдингтің бірі. Телекомпанияның мақсаты – корей жаңалықтарын әлемге хабарлап, корей көрермендері үшін халықаралық жаңалықтардың жаршысы болу.

Ким Ё Джин, тележүргізуші:

- Сіздермен бірге мен Уай Ти Эн (YTN) арнасының жаңалықтар жүргізушісі Ким Ё Джин. Дәл осы студиядан Кореяның халқы мен мәдениеті, саясаты туралы әлемнің әр түкпіріне жаңалық таратамыз. Қазақстан мен Корея арасында тығыз қарым-қатынасқа қарамастан, сіздер жайлы ақпараттар өте аз. Мен екі елдің арасында бұдан да жақын серіктестік орнағанын қалаймын, сол кезде Қазақстан туралы көбірек білуге мүмкіндік аламыз. Қазақ телевизиясын 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Хабар 24 телеарнасы