388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы балалар кітапханасында Наурыз мерекесі атап өтілді

  • 812
  • UPD: 10:43, 17.03.2018

Қарағанды қаласындағы балалар кітапханасы Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті.

Кітапхана қабырғасында «Қош келдің, құтты Наурызым!» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Онда осы мекеме қорында сақталған құнды кітаптар, қазақ халқының салт-дәстүрі мен қолөнерін насихаттайтын шығармалар қойылған. Сондай-ақ жас оқырмандар «Наурызым-берекем, Наурызым-мерекем» атты әдеби-музыкалық кешті тамашалады. «Арқан тартыс», «Бөрік жасырмақ», «Асық» ойыны, «Белбеу тастау» сияқты қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, өзара сайысқа түсті.

Ернар Әлібек, №1 мектептің оқушысы: 

- Арқан тартысып, асық ойнадық. Кітаптармен танысып, ақындардың жазған кітаптарын көрдік жәнеде сол кітаптардың  арасында қазақ халқының ұлттық ойындары және мерекелі жазылыпты.

Хабар 24 телеарнасы