377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспаналы болды

  • 706
  • UPD: 21:20, 17.03.2018
ШҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспаналы болды

Су тасқынынан үйлері құлап қалған аягөздіктер баспаналы болып жатыр.

Бұл туралы біздің тілшілерімізге төтенше жағдайға байланысты құрылған аудандық комиссиядан хабарлады. Әзірге қайырымдылық қорына түскен қаражатқа 10 пәтер сатып алып, рәсімдеу көзделген. Табиғи апатттан зардап шеккен тұрғындар жаңа баспаналарына дән риза. Мәселен, Нәзигүл Ибағарова енді орталықтағы 2 бөлмелі үйге қоныстанады. Арнайы комиссия қазір барлық азаматың өтініштерін жеке-жеке қарап, оларға мейлінше шұғыл көмек көрсетуді көздеп отыр.

Нәзигүл Ибағарова, су тасқынынан зардап шеккен тұрғын:

- Орталықтан үй алдық. Соған қуаныштымыз. Осы халық болып жүгіріп жүр едік, үкімет, бәрі көмектесті. Әлі де көмектесіп жатыр. Алған үйіміздің құжатын рәсімдеп жатырмыз, 2 бөлмелі үй. Үкімет болып, халық болып көмектесіп жатқандарына рақмет. Келе жатқан Наурыз – Қазақстанның Жаңа жылы қайырлы, құтты болсын! Мұндай жаманшылық ешкімнің басына бермесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Төлеухан Бозтаев, комиссия мүшесі:

- Осы 50 миллион теңгеге 10 пәтер алып бермекшіміз. Ол бұрынғы тұрып жатқан үйлерінен бірнеше есе артық. Рәсімдеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл – халықтың бірлігі. Бұл осы біздің тұрақтылығымыздың арқасы. Елбасының саясаты мен ұстанымының арқасы.

Хабар 24 телеарнасы