378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне электронды каталог енгізілді

  • 1026
  • UPD: 13:44, 18.03.2018
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне электронды каталог енгізілді

Ұлттық музей дерекқорына облыстық мұражайлардан 60 электронды экспонат жіберіліп, тоқсан сайын толықтырылады.

Мәдени тегімізді танытатын төл мұралар, шашауы шықпай жеткен жауҺарлы жәдігерлер сақталған Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі сырбойылық өрендердің жиі бас сұғатын орынға айналды.

Наурыз мерекесі қарсаңында өткізілген ашық есік күніне де мыңға тарта бала келді. Ежелгі заманнан бергі ортағасырлық көне жәдігерлер мен жазба мұраларды танып-білуге ынтық жастар Наурызда жасалатын дәстүр-жоралғылардың да тәрбиелік мәніне үңілді.

Тақырыптық және шолу экскурсиясында қала мектептерінен келген оқушыларға «Цифрлық Қазақстан» шеңберінде дайындалған электронды каталогы таныстырылды.

Эльзира Сағитжанова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:

– Ата-бабамыз жел бесіктен жер бесікке дейін әрбір күнін тіршілігімен байланыстырған. Ат беріп, айдар тағып, айшықтаған. Сондықтан оқушылар санасына туған жер сезімін ұялату, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, насихаттау мақсатымыз.

.

 

Хабар 24 телеарнасы