389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алдағы 3 жылда ауылдың емдеу мекемелері электронды форматқа көшіріледі

  • 870
  • UPD: 20:54, 20.03.2018

Ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық медициналық мекемелері электронды жүйеге көшіріледі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді. Қазір тек 4 аймақ қана осы бағдарламаны пайдаланып отыр. Ведомство басшысының айтуынша, кей елдімекендер әлі күнге дейін ғаламтормен қамтылмаған. Бұл мәселе 2021 жылдың аяғына дейін түпкілікті шешілуі тиіс. Сондай-ақ министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асыру жайында да сөз қозғады. Айтуынша, министрлік өз тарапынан қажетті дайындықтың бәрін жүргізді. Бүгінгі таңда қорда 5 миллиард теңге қаражат жинақталған. Бұл ақша ауруханаларды техникамен жабдықтау, жаңа медициналық қызметтерді енгізуге жаратылады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Ең маңызды жоба республикамыздағы өңірлердегі ұйымдарды қағазсыз жүйеге ауыстыру. Ол үшін аудандық облыстық деңгейлерде интернет қосу. Компьютерлермен қамту. Медициналық бағдарлама қажет. Келесі 3 жылдың ішінде ауылдық деңгейге дейін интернетке қосу және қағазсыз жүйеге қосу 100 пайызға жеткізіледі.

Біртановтың мәлімдеуінше, келер жылдан бастап дәрі-дәрмек бағасы қатаң реттелетін болады. Оның құны шарықтап кетпес үшін бірқатар шектеу қойылады. Ал бұл препараттарды тегін алып отырған 20 мың адам жіті тексерістен өтеді. Себебі ведомствоға ақысыз берілетін дәрілердің тапшылығына байланысты 600 адам шағымданған.  Министрдің айтуынша, жақында бұл препараттарды беру тәсілі де өзгертіледі.

Хабар 24 телеарнасы