388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да «Қошқар ата Сейілі» фестивалі өтті

  • 842
ОҚО-да «Қошқар ата Сейілі» фестивалі өтті

Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау басталды.

 Бүгін көне «Қошқар ата Сейілі» фестивалі өтті. Шамамен 100 жыл бұрын жарқын көңіл-күймен «Қошқар ата Сейілі» деген атаумен көне көктем мерекесін тойлаған. Көктем мерекесі түрлі асылтұқымды жануарлардың көрсетілімі, ұлттық ойындар мен ұлттық дәстүрлермен басталады. Биылғы «Қошқар ата Сейілі – 2018» фестивалі де ерекше өтті. Тарихқа көз салсақ, дәл осы жерде бірнеше ғасыр бұрын Шымкент пайда болған.

Бұрынғыда «Сейілді» тойлау кезінде тоқшылық болсын деп қойды құрбандыққа шалған болса, бұл жылы  ұйымдастырушылар асылтұқымды қойларды көрсетумен шектелді. Сондықтан барлық ауданнан ең жақсы қойларды алып келінді. 

Жергілікті күштілер мойынға қойды іліп, отырып-тұрудан жарысты. Фестиваль барысында ұлттық спорт түрлерінен де сайысты. Мерекенің қонақтарына арналып мол дастарқан жайылды. Мерекелік тағамды дайындауда ОҚО-ның этномәдени орталықтарының бәрі дерлік түгел атсалысты. Тоқаш, тәтті бәліштер, талқан, және көктем мерекесінің басты мәзірі – наурызкөже болды.

Хабар 24 телеарнасы