378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Таразда «Шаттық күні» тойланды

  • 453
  • UPD: 07:46, 21.03.2018
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Таразда «Шаттық күні» тойланды

Жамбылдықтар Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Шаттық күнін» тойлады.

Мереке аясында дәстүрлі Наурыз Fest шарасы өтті. Оған 500-ден астам жастар қатысып, көктем мейрамын көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуға атсалысты. Сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалар да тартылды. Биыл жастар ерекше дайындалған. Асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру, қазақ күресі сияқты бірнеше ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырып, мереке көркін қыздырды. Наурызкөже таратылып, жұрт ұлттық тағамнан дәм татты. Сонымен қатар 11 топқа бөлініп, қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетуден байқау өткізілді. «Бұл жастарды ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, мәдениетімізді сыйлауға әрі бойына сіңіру мақсатында жасалып отыр», – дейді ұйымдастырушылар.

Салтанат Серікова, студент:

– Біз бұл сайысқа екі аптадан астам уақыт бойы дайындалдық. Бұл сайысқа жоғарғы оқу орындары және арнаулы оқу орындары қатыса алады. Бұл сайыста бүгін біз қыз ұзату салт-дәстүрін көрсетеміз.«

Ермек Қыпшақбаев, студент:

– Салт-дәстүрлердің барлығын жаңғыртып, студенттерге маңызы мен жақсы қасиеттерін түсіндіріп көрсету мақсатында шара өтіп жатыр. Біздің еліміздегі Наурыз мерекесімен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын. Осындай мереке тойлана берсін! Қазақ елі жасай берсін! Өсіп өркендей берсін!

Хабар 24 телеарнасы