384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау жастары киіз үй тігуді үйренді

  • 666
  • UPD: 07:57, 21.03.2018
Атырау жастары киіз үй тігуді үйренді

Атырауда Наурыз мерекесіне дайындық шаралары басталып кетті. Жалпы ұлттық мерекелер кезінде орталық алаңдар мен халық көп ш

оғырланатын саябақтарды жағалай ақ шаңқан киіз үйлер бой түзейді. Бұл – сонау көшпенділер заманынан бүгінгі күнге дейін ұмытылмай келе жатқан ұлтымыздың қастерлі дүниелерінің бірі. Дегенмен соңғы кездері жастар киіз үйдің қандай бөлшектерден тұратынын және ол қалай тігілетінін біле бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында атыраулық жастар ұйымдары «Дәріптелген дәстүрім» атты байқау ұйымдастырып, жастарға киіз үй тігудің қыр-сыры үйретілді.

Жалғас Бағытжанұлы, жастар қоғамдық ұйымының мүшесі:

– Қазіргі уақытта жастарға дәстүрлерімізді дәріптеу өте қажет. Мұны жастар ұмытып бара жатыр. Тек Наурыз мерекесінде ғана емес, атаулы мерекелердің барлығында жастарға дәріптеу керек деген ойдамыз. Тағы айта кететін жағдай, қазіргі құрылып жатқан кереге 8 қанаттан тұрады. Ол ақ ала отау деп аталады және кереге 4-8-12 қанатты болып осылай кете береді.

Хабар 24 телеарнасы