389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда сотталғандар арнайы жоба аясында білім алып жатыр

  • 571
  • UPD: 11:42, 21.03.2018
Павлодарда сотталғандар арнайы жоба аясында білім алып жатыр

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Павлодардағы 162/3 түзету мекемесі «Сотталғандарға білім беру» пилоттық жобасын қолға алды.

Мақсаты – жазасын өтеп шыққандар мен пробация қызметінде есепте тұрғандарды әлеуметтік оңалту және қоғамға бейімдеу. Қауіпсіздігі орташа мекемеде қазір 600 адам жазасын өтеп жатыр. Олардың біразы ағаш өңдеу фабрикасында жұмыс істейді. Енді міне білім алуына жағдай жасалды. Сотталғандар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өздігінен оқып білуге негізделген кейстік технологиясын қолданды. Білім ошағы оқу-әдістемелік материалдарды қағаз, электронды және басқа да нұсқаларда таратады. Құны 5 мың теңгеге дейінгі дене шынықтыру, механика, биофизика бойынша ақылы тікелей курстарды ұсынады. Оқу мерзімі – 2 ай. Жоғары оқу орнының курсын тәмамдағаны жөніндегі сертификат Наурыз мерекесі қарсаңында өткізілген ашық есік күнінде жақындарының көзінше тапсырылды.

Сәуле Кубышева, Ақмола облысының тұрғыны:

– Мен өзім келгенде ойлағамын жүрегім ұстап қалатын шығар деп. Жоқ, келдім көрдім. Мінекей баламыз жақсы жерде, бір жағдаймен түсіп қалды. Енді жақсы тәрбиемен үйге жылдам келеді деп ойлаймын. Қызметкерлерге үлкен рақмет осылай балаларымызды сыйлайды екен. Көріп тұрмыз.

Мақсат Әшімов, АП -162/3 мекемесінің басшысы:

– Сабақтарын бәрі жақсы аяқтап, 12 сертификат алып жатыр. Бүгінгі таңда ашық есік күнін өткізіп жатырмыз. Оған жаңағы сертификат алған азаматтардан басқа да сотталған азаматтардың туған-туыстарын шақырып, осы мекемеде ұстау жағдайларын көрсетіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы