382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыстың ұлы күні петропавлдықтар далада дастарқан жайды

  • 469
  • UPD: 15:31, 21.03.2018

Петропавл қаласында Ұлыстың ұлы күні далада дастарқан жайылды.

Аспазшылар таң атқаннан палау, наурызкөже, бауырсақ пісіріп, ел-жұртқа ауыз тигізіп жатыр.

Солтүстікқазақстандықтар күннің суығына қарамастан, Ұлыстың ұлы күнін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алады. Той-думан қаланың басты алаңынан басталды.

Бұл жер құдды бір қыстаудан жайлауға көшкен ауылға айналғандай. Тұрғындар қаз-қатар тігілген ақ шаңқан киіз үйлердің құтты қонағы болып, арқа-жарқа. Қыз-жігіттер ұлттық киім киіп, ұлттық ойындар ойнап, ұлттық аспаптардың үнін шығарды. Ал аспазшылар от жағып, қазан асып, ашық аспан астында аста-төк ас әзірледі. Олар бүгін 2 тонна палау, 800 литр наурызкөже, 300 келі бауырсақ пісіріп, ел-жұртқа дәм татқызды. Әрқайсысының дәмі бір бөлек. Оның өзі сыры бар.

Былтырдан бастап Ұлыстың ұлы күні аулаларда да тойлана бастады. Бұл дәстүр биыл да жалғасынтапты. Қала бойынша Наурыз мейрамын 300 үйдің тұрғындары атап өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы