380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні

  • 1430
  • UPD: 10:23, 23.03.2018
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Sputnik Казахстан

Бүгін Ұлыстың ұлы күні, Шығыстың Жаңа жылы! Күн мен теңеліп, ел шаттыққа бөленіп, жұрт қызыққа кенеліп жатқан көрікті көктем тойы еліміздің барлық өңірлерінде сән-салтанатымен өтіп жатыр.

Ал елорда тұрғындары мен қонақтары ЭКСПО қалашығы аумағында және «Қазақ елі» монументі алаңында сан алуан мерекелік шараларды тамашалай алады. Тәуелсіздік алаңына таяу жерде «Дала қазығы» атты тарихи-ортағасырлық жекпе-жектер турнирінің жеңімпаздары анықталады. Өнерсүйер қауымға да тамаша тарту аз емес. Мәселен, «Астана Опера» театры ұлттық операның алтын қорынан «Қыз Жібекті» сахналайды.

Хабар 24 телеарнасы