383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундестаг депутаты бес әлеуметтік бастамаға қатысты пікір білдірді

  • 345
  • UPD: 10:51, 22.03.2018

Бундестаг депутаты Аксель Фишер «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы – әрбір қазақстандықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға арналған ауқымды жоба», – дейді.

Біздің телеарнаға берген сұхбатында парламент мүшесі білім беру гранттары санының ұлғаюы Қазақстанның болашаққа деген батыл қадамы деп есептейді.

Аксель Фишер, Бундестаг депутаты:

- Президент көтерген әлеуметтік бастамалар ішінен тұрғын үй реформасына ерекше тоқталғым келеді. Бұл жоба жас жанұяларға деген мемлекеттің қолдауы деп есептеймін. Екінші жақсы жаңалық – Қазақстанда білім беру гранттары санының өсуі. Қазақстанға жоғары білімді мамандар қажет, солар елді дамытатын болады. Нақты стратегиясы бар Қазақстан өз мақсатына жету жолында нақты істермен айналысып жатқаны қуантады.

Хабар 24 телеарнасы