384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент тұрғындары Наурызға арналған отшашуды тамашалай алады

  • 1023
  • UPD: 14:20, 22.03.2018

«Шымкенттен ыстық ықыласпен! Ұлыстың ұлы күні Шымқалаға келген қонақтарға жастар көктем гүлі қызғалдақ сыйлап, құттықтау парақшаларын таратты.

Ал шаһардың орталық атшабарында қазақтың ұлттық ойындары көкпар тартылып, бәйге өтті, соңы аударыспақ пен қыз қуу, теңге ілуге ұласты. Сондай-ақ орталықта қолөнер шеберлері мен суретшілердің туындылары жұртшылық назарына ұсынылды. Ал «Наурыз» алаңында мерекені айшықтайтын думанды кеш өтіп жатыр.

Төрімізге шыққан Әз-Наурыз жыл басы құтты да берекелі болсын! Ал мереке бізде таңсәріден шаһарға келген қонаққа сый жасаудан басталды.

Ыстық ықыластарын білдірген жастар жағы 1500-дей қызғалдақ гүлін әуежайда ұшақтан түскен меймандарға тарту етті. Тосын сыйға разы болған қонақтар бір-бірін «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп мерекемен құттықтап жатты. Дәл қазір орталық атшабарда да думанды той ұлттық ойындармен жалғасын табуда. Мұндағы делебесі қозған жанкүйерлер көкпар, бәйгенің түр-түрі, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу сынды спорттық ойындарды тамашалауда. Ал біз тұрған «Наурыз» алаңына ағылған жұрттың қарасы қалың. Бәрі де мерекені тойлап, қуанышты көңілмен жүр.

Бүгін қала тұрғындары мен қонақтары үшін орталықта арнайы арбат кешені де ашылды. Онда қолөнер шеберлері көпшілікке өз туындыларын көрсетсе, суретшілерге өз кескін-келбетіңізді қағаз бетіне түсіртуге болады. Наурыз күні бойы жалғасын табады. Эстрада жұлдыздарының Наурыз әндері тақырыбындағы концерті өтеді. Мерекелік отшашуды да кешкісін көруге болады.

Авторы: Нұрбек Байбосын

Хабар 24 телеарнасы