384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда ұлттық дәстүрді ұлықтаған шаралар ұйымдастырылды

  • 618
  • UPD: 16:27, 23.03.2018

Шуақты мерекені батыстағы жұртшылық та шат-шадыман көңіл күйде атап өтіп жатыр.

Ақжайық атырабында ақ ұлпа әлі ери қойған жоқ. Дегенмен, алаңға жиылған жұртшылықтың жүздері жарқын, көңілдері көтеріңкі. Жалпы өңірде наурыз мейрамын көрісу күнінен бастау дәстүрге айналған. Мерекенің бұқаралық сипат алуына аудандар да айрықша атсалысты. Барша музейлер мен кітапханаларда, мәдениет мекемелерінде ұлттық дәстүрді ұлықтаған тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Әз-Наурыздың есіктен енер тұсында жұртшылық мерекеге орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады. Жаңа алаңды жағалай ақшаңқан киіз үйлер тігілді. Қыз-жігіттер алтыбақан теуіп, өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты. Тайқазан толы наурыз көжеге тоғыз түрлі дәм қосылып, жұртшылыққа ұсынылды.  

Зәуреш Аттанова, қала тұрғыны: 

- Күннің ауа райына қарамай бәрі де күшті өтіп жатыр. Келесі наурызға дейін аман-есен болайық, деніміз сау, балаларымыз аман болсын!  

Нұржамал Оразымбетова, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны:

 - Мен Оңтүстік Қазақстан облысы жетісай қаласынан келдім. Осында қызым тұрады. Мына наурыз мерекесіне тап келдім. Мұндай наурыз мерекесін бірінші рет көріп отырмын, бізде қазір жұрттың бәрі жеңіл киімде жүр, ыстық. Наурыз мерекесі өте керемет ұйымдастырылған, ризамын. Оралдықтарға табыс, бақыт тілеймін, аспанымыз ашық болсын!

Хабар 24 телеарнасы