383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да Ұлыстың ұлы күні 200-ден аса сәби дүниеге келді

  • 534
  • UPD: 23:47, 23.03.2018

Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлыстың ұлы күні 200-ден аса нәресте дүниеге келген.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Мереке күні дүниеге келген сәбилердің арасында егіз ұлдар да бар. Демографиялық өсімге үлес қосқан бұл өңірде еліміздегі әрбір төртінші нәресте өмір есігін ашады. Ал облыстағы №4 перинаталдық орталық дәрігерлері болса, жаңа жылда аяғы ауыр келіншектердің саны көп екендігін айтады. Бір ғана осы орталықта 19 бала өмірге келді. Наурыз күні  босанып ана бақытына бөленгендердің бірі – Малика Низамова. Ол Асан, Үсен атты егіздердің анасы.

Малика Низамова, қала тұрғыны:

- Ұлыстың ұлы күні осы егіздерімді дүниеге алып келдім. Барлығыңызды Наурызбен құттықтаймын! Салмағы – 2 келі 600, 2 келі 800. Аттарын Асан, Үсен деп қойдық.

Айгүл Байкөбекова, облыстық №4 перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі:

- 22 наурыз күні облыстық №4 перенеталдық орталықта 19 әйел босанды. Оның ішінде 11 қыз бала, 8 ұл бала дүниеге келді. Бір анамыз егіз ұл босанды. Қазақ халқын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Хабар 24 телеарнасы