387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда сотталғандардың өліміне қатысты тергеу басталды

  • 344
  • UPD: 09:34, 27.03.2018

Қостанай облысында органикалық сұйықтықтан уланған алты жазасын өтеуші Әулиекөл аудандық ауруханасынан шығарылып, Құсмұрындағы 161/12 түзеу мекемесіне жеткізілді.

Қазіргі таңда бұл сотталғандар дәрігер-психологтардың бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, 20 наурыз күні аталған мекемеде 10 жазасын өтеуші өндірістік спирттен уланған еді. Жедел медициналық көмек бригадасы оларды Әулиекөл аудандық орталық ауруханасына жеткізді. Бұл жерден хәлі ең мүшкіл екеуі реанимобильмен облыс орталығына жөнелтілді. Әйтсе де органикалық еріткіш 4 адамның өмірін жалмап кетті. «Қайғылы жайтқа сотталғандардың денсаулықтарына жауапсыз қарауы себеп», – дейді мамандар.

Динара Молдабаева, ҚАЖД баспасөз хатшысы:

– Аталған еріткішті жұмыс нысандарында өндірістік мақсатта қолдануға шектеу қойылмаған. Қазір сотталғандардың өліміне қатысты Әулиекөл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сондай-ақ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеріс шараларын бастаған.

Хабар 24 телеарнасы