389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыстың ұлы күні Берлин төрінде тойланды

  • 477
  • UPD: 09:38, 27.03.2018

Ұлыстың ұлы күні Германия елінде де ерекше атап өтілді.

Берлиннің орталық алаңына 9 мемлекеттің өкілдері жиналып, өз стендтерін ұсынды. Біздің ел киіз үй тігіп, келушілердің қызығушылығын тудырды. Одан бөлек қатысушы мемлекеттер салт-дәстүрлер мен мәдениетін таныстырды. Қазақстандық студенттер күй шертіп, ұлттық әндерді орындады. Мерекелік бағдарламаға Пәкістан, Иран және Қырғызстан елдерінің әртістері де қатысты. Сондай-ақ қонақтар ұлттық тағамнан дәм татты.

Удо Зигфрид, Берлин тұрғыны:

Көктем фестиваліне алғаш рет келіп отырмын. Бізді алуан түрлі музыкамен және түрлі елдің мәдениетімен таныстырған бұл шара керемет өтті. Келесі жылы да Наурызға келемін деп өз-өзіме уәде бердім. Бәріңізге бейбітшілік пен амандық тілеймін!

Вильгельм, Берлин тұрғыны:

Мен Қазақстан мен Өзбекстанның, жалпы Орталық Азия елдерінің мәдениетіне қызығамын. Сол себепті бүгін осында келдім. Мұнда сіздің өңірдің салт-дәстүрі туралы көп мағлұмат алуға болады. Маған қатты ұнады. Қазақстан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Хабар 24 телеарнасы