385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 22 мекеме жекешелендірілді

  • 660
  • UPD: 09:37, 27.03.2018

Үкіметтің жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкесі Атырау облысы бойынша 2016-2018 жылдар аралығында ірілі-ұсақты 25 нысан сатылымға шығарылған болатын.

Олардың қатарында мемлекеттік коммуналдық меншіктегі – 15, ал облыстық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі 10 кәсіпорын бар. Күні бүгінге дейін осы 25 ұйымның тек екеуі жекешелендірілген жоқ. Қалғаны өз иелерін тапты.

Жалпы облыс облыс аумағында бүгінгі күнге үш жүзден астам мемлекеттік мекеме бар. Олардың 90 пайыздан көбі әлеуметтік саладағы ұйымдар болса, төрт пайызға жуығы коммуналдық шаруашылық саласына тиесілі. Сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қарасты он шақты біріккен кәсіпорын бар. Бұл нысандар да кезең-кезеңімен жекешенің қолына өтті. Қазір облыс бойынша жекешелендіріліп үлгермеген тек 2 мекеме ғана қалған.

Нұрсұлтан Бисембиев, Қаржы басқармасының басшысы:

– Қалған екі ұйым бойынша, бір ұйым 3 рет сатылымға шығарылып өтпеуіне байланысты жабылуда, бір ұйым бір рет кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беріліп өтпеуіне байланысты екінші мәрте сауда-саттыққа шығару жоспарлануда. Жекешелендіру барысы туралы айтатын болсақ, жалпы жекешелендіру электронды түрде өтеді. Яғни «Госреестр.кз» порталы арқылы ашық түрде жүзеге асып келеді. Адами фактордың бұл жерге әсер етуі мүмкін емес.

Еліміздегі жекешелендіру процесі сол мекемелер көрсететін қызмет түрін бәсекелестік ортаға беру, бизнестің дамуына, бюджеттік қаражаттың үнемделуіне және мемлекеттік сектор субъектілерінің тиімді пайдаланылуына мүмкіндік берді. Ал әзірге сатылмаған екі нысанның бірі ауыл шаруашылығы кешені болса, екіншісі коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорны болашақта иелерін табады.

Ардақ Жуасов, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

– Қазіргі таңда Атырау қаласына қарасты екі мекеме, яғни «Бас жоспар» мекемесі былтырғы жылы 17 млн теңгеге сатылып өз иесін тапты. Биылғы жылы «Арнаулы автобаза» коммуналдық мекемесін сату жоспарланып отыр.

Жалпы облйыс бойынша мемлекеттік коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарды сатудан қазынаға 1 млрд 279 млн теңге, ал біріккен кәсіпорындардан 165 млн теңгеге жуық қаржы түскен. Сату электронды коммерциялық байқау негізінде жүзеге асырылды. Сонымен қатар сату кезінде біріккен кәсіпорындардағы үлескерлердің мүддесі де қатаң сақталды. Өйткені ереже бойынша еншілес компания мемлекет үлесін сатып алудан бас тартқан жағдайда ғана өзге тұлғаға сатылады.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы