386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кемеровоның сауда үйіндегі киноға бара алмаған павлодарлық жігіт ажалдан аман қалды

  • 549
  • UPD: 20:58, 27.03.2018

Ресейдің Кемерово қаласында болған қайғылы оқиғадан 35 жастағы Павлодардың бұрынғы тұрғыны Наталья Устинова да қаза тапты.

Ол сол күні өрттен көз жұмған Марина Баранованың қызы. Наталья Устинова Павлодардағы №16 мектепті 1999 жылы қызыл аттестатпен бітірген. Соңғы жылдары отбасымен Кемерово қаласында тұрыпты. Сол күні төрт жасар қызымен бірге анасын және бауырының екі баласы Артем мен Арина Барановаларды ертіп, ойын-сауық орталығына барған. Сол күні тағы бір павлодарлық Кемероводағы орталыққа барып, кино көрмек болған. Бір ғажабы, жұбайы аяқ астынан іссапарға кететін болып, билетін тапсырып жіберген.

Татьяна Мигунова, Павлодар қаласындағы № 16 мектеп-лицейдің директоры:

- Ол кілең беске оқыды. Біз мақтан тұтатын оқушыларымыздың бірі еді. Анасын да, өзін де есімізге аламыз. Біздің бір әріптесімізбен көрші тұратын. Шын мәнінде үлгілі отбасы еді. Қайғыдан қан жұтып отырған Кемеровамен біз павлодарлықтар біргеміз.

Хабар 24 телеарнасы