385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы құс шаруашылығы қаз өсіруді қолға алмақ

  • 1611
  • UPD: 18:32, 28.03.2018

Қаз өсіру кәсібінің пайдасы шаш-етектен.

Оны Қостанай облысындағы «Қарқын» шаруашылығы іс жүзінде дәлелдеп отыр. Қазір мұнда 7 мыңнан астам құс бар. Алдағы үш-төрт жылда 20 мыңға жеткізбек. Сондай-ақ құс етін терең өңдеу ісін де жолға қою жоспарда тұр.

Қаздар наурыз айынан жұмыртқалай бастайды. Құс бағушы Ирина Шапран күн сайын әр жұмыртқаны түріне, салмағына қарай сұрыптайды.

Ирина Шапран, құс бағушы:

– Губернатор деген қаз түрінің жұмыртқасы ірілеу болып келеді. Ал Линда деген түрінікі сәл шағындау. Балапан түстерінің де өз айырмашылығы бар.

Биыл бес мың аналық қаздан кемі 100 мың жұмыртқа алынады. Оның 30-40 пайызы саудаға шығарылса, қалғаны балапан өрбітуге қалдырылады.

Шаруашылық жақында соңғы үлгідегі инкубатор камераларын сатып алды. Оған бір мезгілде 30 мың жұмыртқа салынады. Және балапан шығару көрсеткіші де жоғары.

Қанағат Кәкіров, Қаз фермасының меңгерушісі:

– Компютер өзі бәрін реттеп тұрады. Бір рет қостың, сосын тимейміз. Температурасын, ылғалдылығын, градусын бәрін өзі реттеп тұрады. Компьютермен 78% шығарады.

Тек балапан, жұмыртқа түрінде өткізбей, болашақта қаз еті өндірісін де іске қосу жоспарда бар. Ол үшін сақтау, консервілеу сияқты терең өңдеу технологиясы енгізіледі. Құс азығы өздерінде өсетіндіктен, өнімнің өзіндік құны арзанға түседі. «Өндірісті әртараптандырудың тиімділігін осыдан-ақ байқауға болады», – дейді мұндағылар.

Арман Құдаров, шаруашылықтың атқарушы директоры:

Бұл біршама тәуекелді азайтады. Егін түсімі төмен шықса, құс, мал шаруашылығы есебінен өндіріп аламыз. Және мұндай фермалардың ашылуы жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орны.

«Қазір құс етіне деген сұраныс жоғары. Тіпті Ресей өңірлерінен де тапсырыс түсіп жатыр», – дейді шаруашылық басшылары. Сондықтан алдағы 2-3 жылда қаз санын үш есеге дейін көбейту межеленіп отыр.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы