386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының бес әлеуметтік бастамасы іскер жандар қатарын көбейтеді

  • 613
  • UPD: 10:04, 29.03.2018

Қазақстан жаһандық жаңғырудың үшінші кезеңі мен төртінші өнеркәсіптік революцияны ғана емес, әлеуметтік революцияны да бастан өткеріп жатыр.

Бұл жайында Балтық-қазақ экономикалық даму қауымдастығының басшысы Александр Видякин мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан экономикасының дамуына ауқымды әлеуметтік жобалар мен реформалардың әсері зор. 

Александр Видякин, Балтық-қазақ экономикалық даму қауымдастығының басшысы:

- Осындай керемет идеяларды, халық үшін жаңашыл жобаларды қолдайтын президентінің болғаны үшін Қазақстан халқына шынымен қызығуға болады. Ең біріншіден, ипотека, яғни баспана тақырыбына тоқталсақ. Мұндай төмен пайыздар бүгінгі таңда Батыс Еуропада да  жоқ. Екіншіден, бұл белгілі бір тапқа емес, барлық жұмыс істейтін адамдарға арналған бағдарлама. Үшіншіден, шағын несие беру арқылы біз орта тапты қалыптастыра аламыз. Бұл шын мәнінде шағын және орта бизнес өкілдері мен кәсіпкерлер санын көбейтуге мүмкіндік беретін бастама.

Хабар 24 телеарнасы