389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


29 наурыз күні еліміздің таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі

  • 683
  • UPD: 10:26, 29.03.2018
29 наурыз күні еліміздің таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі Vox Populi

Іле Алатауы және Жетісу Алатауында жауын-шашын күтілуде, ауа температурасы 2000 метр биіктікте түнде 1-3 градус суық, күндіз 3-5° жылы; 3000 метр биіктікте түнде 5-7 градус суық, күндіз 1-3 градус жылы болады.

Қырғыз Алатауында жаңбыр жаууы ықтимал, ауа температурасы түнде 3-8° жылы, күндіз 13-18° жылы болады.

Талас Алатауында кей жерлерде жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 4-9° жылы.

Батыс Алтайда жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде 0-5° суық, күндіз 5-10° жылы болады.

Тарбағатай жотасында жауын-шашын күтілуде; ауа температурасы түнде 3 суық, күндіз 5-10° жылы болуы мүмкін.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы