386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 5 млн гектардан астам жерге тұқым себіледі

  • 369
  • UPD: 12:04, 29.03.2018

Қостанай облысында биыл 5 млн 229 мың гектар алқапқа тұқым себіледі.

Оның үш жарым млн гектарға жуығы бидай. Алқаптарды әртараптандыру да жалғаса береді. Майлы, дәнді-бұршақты дақылдардың үлесі жылдағымен салыстырғанда арта түскен. Қажетті тұқым қоры бар, техникалар да дайын. Дизелдік отынның литрі 151 теңгеден беріледі.  Көктемгі егіс науқанына әзірлік барысы облыста өткен агро-кеңесте талқыланды. Биыл өңірде қар жылдағыдан аз түскен. Диқандар осыған алаңдайды. Сондықтан күн тәртібіндегі басты мәселе – қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, тиісті ылғал қорын жауып үлгіру қажет. Өнімділікті жоғарылату үшін шаруаларға минералды тыңайтқыштар сатып алуға 1 млрд 177 теңге субсидия бөлінген. Ендігі міндет күннің қолайсыздығына қарамастан жылдағы межеден кем түспеу. Жиында ғылыми-тәжірибелік орталық мамандары да өз тұжырымдарын ортаға салды.

Нәбидолла Кикебаев, Қостанай АШ ҒЗИ бас директоры:

- Есептеп қарағанда, басқа жылдармен салыстырғанда ылғал өте төмен, түңіліп кететіндей жағдайда емес екен, сондықтан алға үміт көп. Алдағы егіске жақсы дайындалып, бар саласынан ешқандай қате жібермей технологиясынан, техникасын дұрыс дайындап, тұқымын дұрыстап кіріскен адамдар жылдағыдай өнім ала алады деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы