389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезөкшелікпен айналысуға пәтерін жалға берген үй иесі ұсталды

  • 401
Жезөкшелікпен айналысуға пәтерін жалға берген үй иесі ұсталды DailyNews.kz

Жезөкшелікпен айналысуға пәтерін жалға берген пәтер иесіне 240 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұл туралы Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Сарыарка» ауданы ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен әкімшілік аймақты тексеру барысында, ӘҚБтК 450 б. 1 т. «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бұзу фактісі анықталды.

Пәтер иесі «С» есімді азаматша Біржан Сал көшесінің бойында орналасқан өзінің тұрғын үйін жезөкшелікпен айналысатын үш жеңіл жүрісті қыздарға жалға берген.

Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен 39 жастағы «С» есімді азаматша ӘҚБтК 450 бабының 1 т. «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК (240 500 теңге) көлемде айыппұл салынды және қызметі 3 айға уақытша тоқтатылды.

Жыл басынан бері Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен ӘҚБтК 450 бабы «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бойынша 5 құқықбұзушыға 1 млн. 200 мыңнан астам айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы