387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да өзендегі су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді

  • 586
  • UPD: 13:56, 29.03.2018

Семейде Ертіс өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты мұз жару жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда таяуда су деңгейі 5 метрден асып, қауіпті межеге жеткен болатын.

Болат Көкенайұлы, тілші:

-  Кешеден бері Семейге үлкен су келді. Дер кезінде қолға алынған шаралар нәтижесінде адамдар аман. Түйемойнақ аралындағы 192 адам көшірілген. Оның 138-і қонақ үйлерде. Қалғандары туыстарын паналаған. Жаңа ғана мұз жару жұмыстары Мирный кенті маңында басталды.

Қазір су деңгейі біртіндеп қалыпты деңгейге түсіп келеді. Бүгін таңертең 4 метр 49 сантиметрді көрсеткен. Дегенмен қаланың Мирный кенті, Бобровка саяжайлары маңайында қауіп бар. Сондықтан бұл жерлерде мұз кептелісі болмас үшін 3 тоннадан артық жарылғыш зат әкелініп жатыр. Жергілікті әкімдік бұл төтенше жағдайға Ертіс бассейні су инспекциясының алдын ала ескертпей көп мөлшерде су жіберуі себеп болып отыр дейді. Қала басшылығын тыңдап көрейік.

Ермак Сәлімов, Семей қаласының әкімі:

- 500-600-650 кубометр берілген су аяқ астынан 27-28 наурызда 3 есе көбейіп, барлығы 1800 болды. Сол артық су бүгін Семейге келіп, тұрғындарды әуреге салып жатыр. Бірақ барлығы бақылауда. Жұмыстарымызды істеп жатырмыз. Ойлап отырмын аман-есен жағдайдан шығамыз деп. Енді біз дайындалып отырдық, үлкен судың жан-жағын қарап отырмыз. Бірақ ескерту болған жоқ.

Болат Көкенайұлы, тілші:

 - Түйемойнақ аралындағы 9 үйді су басқан. Оларға келтірілген шығынды арнайы комиссия есептейді.

Хабар 24 телеарнасы