383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде Ертіс өзенінің деңгейі біртіндеп түсіп келеді

  • 644
  • UPD: 21:50, 29.03.2018
Семейде Ертіс өзенінің деңгейі біртіндеп түсіп келеді

Су басқан үйлер саны, алдын ала мәліметтер бойынша, 225-ке жетіп отыр.

Оның 75-і Затон аумағында, ал 150-і Бобровка саяжайларында. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов жаңа ғана мәлімдеді. Дегенмен арнайы құрылған комиссия нақты қанша баспананы су шайғанын ертеңнен бастап анықтауға кіріседі. Қазірдің өзінде бұзылған су бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Оған 35 техника жұмылдырылған.

Ермак Сәлімов, Семей қаласының әкімі:

- Елді әбігерге түсірген мол су ақырындап кете бастады. Егер мұз жару жұмыстарын қолға алмағанда не болар еді? Онда мына жатқан қалыңдығы 1 метр 20 сантиметрлік сеңдер тұрғын үйлердің күл-талқанын шығарар еді. Сондықтан ертең таңертең жағдайды тағы да тікұшақпен бақылап көріп, қажеттілігіне қарай мұз жаруды жалғастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы