383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда автобанның құрылысына материалдар жеткілікті

  • 257
  • UPD: 15:49, 30.03.2018

Биыл Павлодар облысында «Орталық-Шығыс» төртжолақты автобанмен жүйткудің мүмкіндігі туады.

Бүгінгі таңда аймақта құрылысы жүріп жатқан 9 жол бөлігі бар. Төртеуі ағымдағы жылдың аяғына дейін қолданысқа беріледі. Олардың жалпы ұзындығы – 152 шақырым. Көлік дәлізінің құрылысына биыл республикалық бюджеттен 39 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың аяғында аталған аумақтарда қиыршық тас пен битумның жетіспей істе іркіліс туған болатын. Бұл жұмысқа кері әсерін тигізіп, мердігерлер белгіленген кестеден кешіккен еді. Бұған Шідертідегі шағыл шығаратын зауыттың материалмен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алмауы себеп болған. Жолшылар енді ондай кем-кетік болмайды деп отыр. Биыл жол жөндеуге дайындық ерте басталды. Қиыршық тас шығаратын зауыт қазір толық қуатында жұмыс істеп тұр.

Қайрат Кәрібаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалының директоры:

– Қиыршық тастың биылғы жылдың жоспарын 30 пайызға орындадық. Осы сәуір айында тағы бір 20 пайыз орындап, 50 пайызға шығуымыз керек. Енді былтырғы жылы бізде қиыршық таспен үлкен проблема болған. Былтыр бізде битум мәселесінен де проблемалар болды. Бірақ енді жұмыстар жүргізілді. Көп қиыншылықпен жүргізілді. Қазіргі күні 71 мың тонна битум керек болса, оның бүгінгі күні 13 мың тоннасы әзірленген.

Хабар 24 телеарнасы