389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада қаруды сақтау, алып жүру, сатып алу ережесін бұзудың 45 фактісі анықталды

  • 730
Астанада қаруды сақтау, алып жүру, сатып алу ережесін бұзудың 45 фактісі анықталды

27-30 наурыз аралығында Астана қаласының аумағында «Қару 2018» жедел профилактикалық шарасы өтеді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара барысында халық арасында заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру жөніндегі түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.

«Түсіндірме жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде тіркелген қарудың 47 бірлігі ерікті түрде тапсырылды.

Азаматтық қарудың 852 иесі тексерілді. Тексеріс нәтижесі бойынша қаруды сақтау және қайта тіркеу мерзімінбұзған 34 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қорытындыларға сәйкес, қаруды сақтау, алып жүру, сатып алу ережесін бұзудың 45 оқиғасы анықталып, тіркелген қару бірліктері иелерінен алынды.

Хабар 24 телеарнасы