384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда 2017 жылы 20-дан астам спорт алаңы және 8 спорттық нысан салынды

  • 509
  • UPD: 16:00, 30.03.2018
Маңғыстауда 2017 жылы 20-дан астам спорт алаңы және 8 спорттық нысан салынды

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен дене шынықтыру және спорт бөлімінің кеңейтілген отырысы өтті.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында адами капитал сапасын жақсарту – негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан денсаулық сақтауға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың репродукциялық денсаулығын қорғауға, нығайтуға ерекше назар аудару қажет. 2017 жылы Маңғыстауда 7 ірі спорт нысаны салынды. Бұл «Маңғыстау арена» спорт клубы, «Батыр» спорт кешені (34 ш/а), «Меловой» спорт кешені (3«б» ш/а), «Lions Fight Club» жекпе-жек өнері академиясы. Нәтижесінде 246 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, Шетпе, Атамекен және Ақшұқырда спорттық кешендер салынуда. 32 шағын ауданнан 1,5 гектардан асатын мұз сарайы бой көтермек. 2500 орындық кешен халықаралық стандарттарға сай мұз алаңын, фитнес зал, конференц-зал, баспасөз орталығы, кафе және мейрамхананы қамтиды. Барлығы 120-дан астам жаңа жұмыс орны құрылады», – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Бүгінгі күні облыста спортпен шұғылданатын адамдардың саны 30% -ға немесе 194 832 адамға жетті. Бұл көрсеткіш республикада 5-орын алады. Облыстағы 125 888 орта мектептегі оқушының 21 442-сі спортпен шұғылданады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыста ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар саны 12 659 адамды құрады. Облыста 19 ұлттық спорт түрі бар. Сондай-ақ 2018 жылы 54 ірі спорттық іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

«Қазіргі кезде облыста 624 спорттық нысан бар. 2017 жылы инвесторлар қаражатымен 20-дан астам спорт алаңы және 8 спорттық нысан салынды. 2018 жылы МЖӘ механизмі арқылы спорттық залдардың құрылысы, 17 шағын аудандағы үстел теннисі орталығы, 26- ықшамаудандағы спорт базасы, Қызан ауылындағы спорт кешені, бокс орталығының құрылыстары басталады», – деді Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов спорт алаңдары мен балаларға арналған залдардың санын көбейту, Ақтау қаласында салынып жатқан әрбір жаңа тұрғын үй кешенінде спорт секциялары мен секцияларды ұйымдастыру үшін алаңдар бөлу мәселесі қаралды. Сонымен қатар облыс әкімі барлық ірі кәсіпорындардың басшыларына жұмысшылар мен жақын маңдағы шағын аудандардың тұрғындары үшін компания аумағында спорттық алаңдар мен залдар салуды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы