389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте ТМД елдерінің банктерін тонаған алаяқтар ұсталды

  • 481
  • UPD: 19:57, 30.03.2018

Беларусь Республикасында бүкіл ТМД елдерінің банктерін тонаған алаяқтар ұсталды. Қаскүнемдер жалған фирмалар ашып, қарапайым банк терминалы арқылы бір түнде миллиондаған доллар қаражатты қолды қылып үлгерген.

Әзірге халықаралық қылмыстық топтың тек бес мүшесінің ғана аты-жөні белгілі.

Тұтқындалған виртуалды айлакерлердің басты қаруы кәсібилігінің жоғары деңгейінде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, алдау теориясы қарапайым. Алаятардың екеуі банкке келіп, бірі өз атына туристік қызмет көрсететін фирма рәсімдейді. Алайда бұл қағазбастылық тек көзбояушылық ғана. Мақсат – төлем карталарын пайдалану үшін банк терминалына қол жеткізу.

Дарья Клюева, банк қызметкері:

- Олар банкке жалған құжат ұсынған. Бұл құжаттардың мінсіз жасалғаны соншалық бір қарағанда жалған екенін біле алмайсың. Банк қызметкерлерін алдау оңай болмаса да, дәл осы алаяқтардың құжатына ешкім күмән келтірмеген.

Құжатты рәсімдеп болған соң кәсіпкерлік жұмыстары жүргізілмейді. Алдын ала құрылған жоспар бойынша терминалды шетелдегі өз адамдарына жіберіп отырған. Олар ақшаның ұрланғанын білдірмес үшін әрқашан қалталы азаматтар мен олигархтардың төлем карталарының көшірмесін жасап отырған.

Аркадий Родионов, зардап шегуші:

- Мен олардың әрқашан қалталы адамдардың ақшасын жымқыратынын естідім. Миллионер болмасам да отбасыммен қыдыруға деп жинаған ақшам бар еді. Олар сол қаражаттан алты мың доллар ақша шешіп алыпты. Мұндай істі қалай жасағанын білмеймін. Мен үшін бұл ақша көп болса да алаяқтар үшін тек тиын ғана екен. Олардың бір сағатта 200 мың долларға дейін қолды қылатынын естідім.

Жалған фирмалар Беларусь елінің әр облысында тіркелген болып шықты. Қылмыстық топ өз құрбандарын әлем бойынша іздеген. Алаяқтардың бірі әйел адам, Беларусьтен Украинаға үйіне кетіп бара жатқан жерінен тұтқындалды. Дәл осы әйел ұйымдастырушы мен орындаушы арасында делдал болған деген ақпар бар. Болжам бойынша зардап шеккендердің саны жүзге жуық. Сонымен қатар бірнеше елдің құқық қорғаушылары ұрланған ақшаның нақты санын анықтап жатыр.

Ресми ақпарат әлі жоқ болса да, расталмаған мәліметтерге сәйкес алаяқтар соңғы бірнеше күн ішінде Беларусь мемлекеті және басқа да ТМД елдерінің банк карталарынан 20 миллионнан астам долларды қолды қылып үлгерген.

Авторлары: Дмитрий Лукша, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы