387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының бес әлеуметтік бастамасы баспана мәселесін шешеді

  • 643
  • UPD: 21:41, 30.03.2018

Мемлекет басшысының бес бастамасы әлеуметтік салаға үлкен өзгеріс алып келеді.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысына келген «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының Мәжіліс депутаттары мәлімдеді. Әсіресе бірінші бастамадағы «7-20-25» бағдарламасы еліміздегі тұрғын-үй мәселесін толықтай шешуге бағытталған ірі қадам. Бұл елімізде баспана мәселесін шешумен қатар құрылыс компанияларына жұмыс береді. Сөйтіп мыңдаған жұмыс орындарының ашылуына сеп болмақ. Сондай-ақ отандық  құрылыс материалдары нарығындағы кәсіпкерлерге берілетін үлкен мүмкіндік - дейді депутаттар.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы:

- Мәжілісте арнайы сол тиісті мемлекеттік органдармен кездесіп, олармен бұл бастамаларды қалай іске асырылады, қандай форматпенен деп ақылдастық. Және де партиямыз жағынан осы халыққа сол бастамалардың іске асырылуы барысында қандай қолдау болады деп ақылдасайын деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы