386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Қазақстан облысында өзен суының деңгейі төмендеді

  • 895
  • UPD: 22:10, 30.03.2018

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласынан басқа аудандарында тасқынға байланысты жағдай тұрақталып келеді.

Ертіс өзенінің Семей қаласы тұсындағы деңгейі 14 сантиметрге дейін төмендеді. Аягөзде қарғын судан келетін қауіп толық сейілген. Ал Глубокое ауданында қазір 22, Шемонайхада 4 үй ғана суда тұр. Қалған баспаналар түгел тазартылды. Жалпы бұл екі ауданда 200-ден астам отбасы зардап шеккен. Жалпы облыста су басқан аймақтарға тек төтенше жағдайлар қызыметінің жеке құрамынан 500-ден астам адам 116 техника 54 су соратын құрал және 7 қайық  жұмылдырылды. Коммуналдық салалар мен ірі өндіріс орындары және жеке шаруашылық иелері де техникамен көмектесіп жатыр. Сондай-ақ төтенше жағдай департаменті мен су ресурстары комитетінің мамандары аймақты тағы да тікұшақпен бақылап қайтты.

Анастасия Скляр, облыстық ТЖД баспасөз  хатшысы:

- Дәл қазіргі мәлімет бойынша  Ертістегі судың деңгейі 14 сантиметрге төмендеді. Мамандар кеше 3 рет, бүгін бір рет мұзды жарды. Ал үйлерін су басқан тұрғындарға эвуакациялық орындарда  психологиялық қолдау кеңесі беріліп жатыр. Атқарушы билік  жұмыстағы адамарға  автобустар ұйымдастырды.

Хабар 24 телеарнасы