387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында бұрынғы химия зауытының аумағы тазартылады

  • 622
  • UPD: 09:30, 31.03.2018

Ақтөбе облысында орналасқан Алға химия зауытының қалдықтары жойылады.

Ескі өндіріс орнында логистикалық орталық пен индустриялық аймақ пайда болуы тиіс. Ол үшін шамамен 8 миллиард теңге қажет. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары дайын. Жетпіс жылға таяу диқандарды минералды тыңайтқышпен қамтып отырған мекеменің қаңырап қалған ғимараты Алға қаласының көркін де бұзып тұр.

Өткен ғасырдың 30-жылдары іргетасы қаланған зауытта төрт мыңға дейін жұмысшы еңбек еткен. Тоқсаныншы жылдары тоқырауға ұшырап, жұмысы тоқтап қалды. Зауыт аумағын тазалап, қалдықтарын жою үшін өндіріс орны жарты метрге дейін қазылып алынады. Ғимараты сүріліп, қалдықтар арнайы химиялық қоқыс полигонына төгіледі. Шамамен 350 гектарға жуық жер жаңартуды талап етеді. Орнына қара топырақ жеткізіліп, абаттандыру көзделген. Қаражат мәселесі шешілсе, бұл жұмыстар 3 жыл ішінде тәмамдалуы тиіс. Жергілікті биліктің жоспарына сәйкес болашақта бұл жерде түрлі заманауи өндіріс орындары пайда болады.

Алмагүл Қойлыбаева, Алға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
- Индустриялдық аймақ құруға үлкен мүмкіндік береді. Кәсіпкерлерге жаңа кәсіпорындарын ашуға мүмкіндік береді. Себебі бұл жерде кәсіпорын ашуға өте қолайлы. Барлық инфрақұрылым, жағдайлармен қамтылған.

Хабар 24 телеарнасы