386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы Грузия үшін қажетті тәжірибе болары сөзсіз

  • 601
  • UPD: 11:33, 31.03.2018

Грузияда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өткен еді.

Бүгінде саясаткерлер, сарапшылар, саяси және академикалық ортаның өкідері басылыммен танысып жатыр. Олардың айтуынша, Елбасының еңбегі арқылы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап басынан өткерген оқиғаларын білуге болады. «Ол Грузия үшін қажетті тәжірибе болары сөзсіз», – дейді сарапшылар.

Николоз Метревели, саясаткер:

- Кітапта Грузияның ғылым саласына қажет өте қызықты мәліметтер мен көптеген реформалар бар. Мен екі елдің арасындағы қарым-қатынастың дамып келе жатқанына қуаныштымын. Серіктестігіміздің нығая беруіне тілектеспін. 

Георгий Квеситадзе, Грузия ғылым академиясының президенті:

- Нұрсұлтан Назарбаевты ең көреген және сарабдал саясаткер деп санаймын. Кітапта Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы бет-бейнесі мен бүгінгі жетістіктері жайлы мол мағлұмат жазылған. Тұғыры берік, тұлғасы биік елде тұрып жатқан қазақ халқының келешегі кемел екеніне кәміл сенемін.

Хабар 24 телеарнасы