388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы проблемалық нысандар тізімі нотариустарға жіберілді

  • 456
Астанадағы проблемалық нысандар тізімі нотариустарға жіберілді inform.kz

Астанадағы проблемалық нысандар тізімі Қазақстан нотариустарына жіберілді.

Бұл туралы Астана әкімдігі ведомствоаралық комиссиясында мәлім етілді. Аталып өтілгендей, тыйым салынған нысандардың тізімінде 39 тұрғын үй кешені бар.

«Мен бірнеше нотариалдық палатада болдым. Олардың барлығында мәміле жасауға болмайтын ТҚК тізімдері бар. Бірақ оларда жаңа ТҚК аттары да бар. Нотариустарда біздің ТҚК-ның аты бар тізім де жатыр. Бірақ адамдар «Феникс-Столичный» ТҚК-мен емес, «Төленді» ТҚК-мен мәміле жасау үшін келеді. Сондықтан бұрынғы салушыны көрсетсе, қауіпсіз болар еді», – деді «Феникс-Столичный» ТҚК төрайымы Жанар Дүйсенова.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы