389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында бірнеше өндіріс ошағы іске қосылмақ

  • 690
  • UPD: 12:02, 02.04.2018
Маңғыстау облысында бірнеше өндіріс ошағы іске қосылмақ

Маңғыстау облысында алдағы күзде 3 бірдей өндіріс ошағы іске қосылады.

Қазір «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында кабель мен трансформатор өндіретін ірі кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобаны әзербайжандық инвесторлар қаржыландыруда. Трансформатор зауыты ішкі нарықты қамтыса, полимер қапшықтарын шығаратын зауыттың өнімі экспортқа бағытталмақ. Бұл зауытта жылына 400 тонна тағам сақтайтын пластикалық контейнерлер мен құтылар дайындалады. Ал Ақтаудағы өндірістік аймақта жиһаз бен пластикалық терезе шығаратын цех салынып жатыр. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша іске қосылатын 3 жоба 200-дей тұрғынды жұмыспен қамтымақ.

Хабар 24 телеарнасы